Билікөлде балықтың бес-ақ түрі қалған

2552

Жамбыл облысындағы Билікөл көлінің экологиялық жағдайы мүмкіл хәлде. Экологтар мәселе облыстық емес, республикалық деңгейде қарастырылуы қажет деп есептейді.

Билікөлде балықтың бес-ақ түрі қалған

Апатқа химиялық өнеркәсіптер қалдықтарының төгілуі себеп болған. 1983 жылдан бастап Билікөл таза су қоймасы қатарынан шығып, Қазақстандағы ең лас су айдындары қатарына кірген.

Бірнеше жыл бұрын ҚР Ядролық физика институтының мамандары көлдің радиациялық көрсеткіштерін зерттеп, онда литий, бор, мырыш, стронций, молибденнің көп мөлшері бар екенін анықтаған. Қалыпты жағдайда 1 литр суда 15 микрограмм көрсететін уран концентрациясы мұнда 17,3 микрограмды көрсеткен.

1990 жылы Билікөлдің су жинау алаңы 5 170 шаршы шақырым, ұзындығы – 9,28 шақырым, ені 5 шақырымды құрады. 1948 жылдары көлдің деңгейі 643 см болса, 2016 жылы 366 см болды, яғни су деңгейі 2 метр 72 см-ге дейін төмендеп кеткен.

"Жаздың аптап ыстығында қамыс пен балдырдың шіру үдерісі күрт көтеріліп, көмірқышқыл газы көбейіп, судағы оттегі азаюда. Яғни, көлдегі флора мен фауналардың жойылу үдерісі жылдам жүріп жатыр. Су мөлшерінің аздығы және көлдің ластануы балықтардың өлуіне әкеп соқты. Бұрын Билікөл аумағында 30 балық түрі болса, қазір бес-ақ түрі бар", – дейді профессор, ҚР минералды ресурстар академиясының академигі Медетхан Заппаров.  

Әсел Мұратбекқызы

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу