Білім беру саласын қаржыландыру 30%-ға артты

1807

Қызметтердің шамамен 95,5%-ын мемлекет қаржыландырған. 

Білім беру саласын қаржыландыру 30%-ға артты Фото: inbusiness.kz

2020 жылдың төртінші тоқсанында бастапқы білім беру саласында 74,8 млрд теңгеге қызмет көрсетілген. Бұл бір жыл бұрынғы  көрсеткіштен 36,4% жоғары. Ал негізгі және жалпы білім беру саласында 367,6 млрд теңгеге қызмет көрсетілді. 2019 жылмен салыстырғанда көрсеткіштер 32,7%-ға артқан, деп хабарлады inbusiness.kz порталы finprom.kz-ке сілтеме жасап. 

Қызметтердің шамамен 95,5%-ын мемлекет қаржыландырған. 

Интернет арқылы бастапқы білім саласында 17,6 млрд теңгеге қызмет көрсетілген. Бұл сегметтегі жалпы қызметтің 24%-ы. Ал орта білім беру саласында 65,3 млрд теңгенің қызметі қашықтан көрсетілді. Аталған сома сегменттегі жалпы қызметтердің 18%-ы. 

Пандемия кезінде оқушыларды мұндай форматқа ауыстыру көп мүмкіндікке жол ашты. Алайда саладағы көптеген мәселелерді де айшықтай түсті. 

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова интернет арқылы оқыған балалардың білім сапасында кеткен олқылықтарды осы және келесі жылы түзетуге күш салынатынын айтқан еді. Оның сөзінше соған сәйкес мұғалімдерге оқу жоспарын түзетіп, күрделі тақырыптарға көбірек көңіл бөлуге рұқсат етілген. 

Өңірлер бойынша бастапқы білім саласында көрсетілген қызметтің ең көп бөлігі Түркістан облысына (15,9 млрд теңге, бір жылда 23,2% өскен) тиесілі. Одан кейінгі орында Алматы (10,7 млрд теңге) және Жамбыл облысы (9,1 млрд теңге).

Негізгі және орта білім беру саласында Алматы облысы алдыңғы қатарда (48,8 млрд теңге, бір жылда 34,7% өскен). Одан кейінгі орында Түркістан облысы (39,8 млрд теңге) және Алматы қаласы (29,6 млрд теңге).

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу