Білім сапасы өте төмен университеттерді жабу жұмысы жалғасады

373

Қазір министрліктің бақылауында осындай 27 жоғары оқу орны тұр.

Білім сапасы өте төмен университеттерді жабу жұмысы жалғасады Фото: canva.com

Олардың негізгі бөлігі Қазақстанның оңтүстігінде орналасқан. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Сапасы өте төмен болатын университеттерді жабуға дайынбыз. Былтыр бұл жұмыс неліктен белсенді атқарылмады? Өздеріңізге мәлім, біз жаңа реттеу саясатына көштік. Енді министрлік және кез келген реттеуші органдар жеке меншік компанияларға өздері барып, бақылау жасай алмайды. Қауіп-қатерлердің индикаторлары белгіленеді. Солар бұзылған жағдайда ғана бақылау жасай аламыз. Былтыр бүкіл жұмысымыз осыған арналды. Енді биыл сол бақылау принциптеріне көштік. Бақылау тізімінде, яғни қауіп-қатер аймағына кіретін 27 жоғары оқу орны бар. Үлкен заң бұзушылықтар, реттеу саясатына, білім сапасына қайшы келетін жағдайлар анықталса, жабуға дайынбыз", - деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Айтуынша, бұл университеттердің дені оңтүстік өңірлерде орналасқан.

Журналистер аталмыш оқу орындары жабылатын болса, студенттердің жағдайы қалай болатынын сұрады. 

"Алдыңғы жылы жабылған соңғы университеттерді қарайтын болсаңыздар, арнайы бақылауға алып, студенттерді басқа университеттерге көшіреміз. Олардың келісімі бойынша мемлекеттік немесе басқа университтерге ауыстырамыз", - деді Саясат Нұрбек.

Айта кету керек, осыған дейін Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек елімізде ғылым саласын қаржыландыру деңгейі төмен екенін айтқан болатын.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу