Талапкерлер Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қарағанды және Ақмола облыстарындағы колледж-университеттерге түсе алады. Бұл бағдарлама бірінші жылы тек педагогикалық мамандықтар бойынша іске асса, кейіннен аясы кеңейіп, техникалық және ауылшаруашылық кәсіптерді қамтыды. Биылғы оқу жылында "Серпінге" 5 мың 200-ге жуық грант бөлінген. Бағдарлама 2014 жылы іске қосылғанымен, 2018-ден бастап қана жоба түлектері білім алған өңірде кемі 3 жылға қалып, жұмыс істеуге міндеттелді.
Алайда еңбекпен қамту көрсеткіштері керемет жоғары емес. Статистикаға көз жүгіртсек, соңғы 4 жылда "Серпін" түлектерінің 71 пайызы екі қолға бір күрек тауыпты. Ал өткен оқу жылында небәрі 53 пайызы қызметке орналаса алған.
Айта кетейін, жоба жүзеге асырыла бастағалы Үкіметте 4 бірдей білім және ғылым министрі ауысты.