Білім және ғылым вице-министрі 5 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

1072

Әзірге нақты оның кім екені белгісіз.  

Білім және ғылым вице-министрі  5 млрд теңге жымқырды деген күдікке ілінді

Білім және ғылым министрі Асхат Амағамбетовтың орынбасарларының бірі "ақша жымқырды" деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Atameken Business теларанасы.

ҚазТАГ агенттігі сенімді ақпарат көздеріне сілтеме жасай таратқан дерекке қарағанда, вице-министр бюджетке тиесілі 5 млрд теңгені қолды қылған. Мән-жайды толық білу үшін Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне хабарластық. Ондағы баспасөз қызметіне жауапты серіктестік департаментінің бас сарапшысы Нұрбек Нәбиев тергеудің құпиялығына байланысты ешқандай мәлімет бере алмаймыз деді. Бірақ тараған ақпарды растаған да, әрі жоққа да шығарған жоқ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу