Мәжіліс депутаттығынан бүгін кеткен Зүлфия Сүлейменова вице-министр болып тағайындалды

2928

Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысымен Зүлфия Болатқызы Сүлейменова ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің Баспасөз қызметі хабарлайды.

Мәжіліс депутаттығынан бүгін кеткен Зүлфия Сүлейменова вице-министр болып тағайындалды

Зүлфия Сүлейменова бүгін ғана Мәжілістен кеткен болатын.

Зүлфия Сүлейменова 1990 жылы Ақтөбе қаласында дүниеге келген.

Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген. 

Президенттік жастар кадрлық резервінің мүшесі. Еңбек жолын 2014 жылы Жаһандық саясат және қауіпсіздік орталығының өңірлік және жаһандық қауіпсіздік бөлімінің ғылыми қызметкері болып бастады.

2020-2021 жылдары – Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінде басшылық қызметтер атқарған. 2021 жылғы қаңтардан бастап осы уақытқа дейін VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты болды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу