Ауыл тұрғындары "Биохимнен" тарайтын жағымсыз иіске тұншығып отыр

832

Тоқтап тұрған зауыттың жұмысы жанданғанына тұрғындар аса қуана қойған жоқ. 

Ауыл тұрғындары "Биохимнен" тарайтын жағымсыз иіске тұншығып отыр

Тұрғындар кәсіпорын маңындағы сасық иіске шағымданып, өтініштеріне ешбір құзырлы орган өкілінен жауап ала алмай жатқанын алға тартуда, деп хабарлайды inbusiness.kz.  

Әңгіме Тайынша қаласы туралы болып отыр. Қалада "Биохим" деп аталған үлкен кешен болған. Кезінде биоэтанол шығару жоспарланыпты, алайда бұл жоба жүзеге аспаған. Ал жақында зауыт басқа атаумен жұмыс істей бастады.

"Зауыт іске қосылғалы бері жағымсыз иіс тарайды екен, әсіресе, кәсіпорын бағытынан жел соққанда. Бұдан ауыл тұрғындары зардап шегуде. Тұрғындардың арыз-шағымдарына ешкім үн қатпайды", – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бірінші медиа орталықтың СҚО бойынша филиалының жетекшісі Руслан Асаубаев.

"СҚО бойынша ҚР ДСМ МКК Ұлттық сараптау орталығы" РМК филиалының Тайынша аудандық филиалы Тайынша қаласының тұрғын үй аймағының (өнеркәсіптік аймаққа, орталыққа іргелес) атмосфералық ауа құрамына мониторинг жүргізді. Өлшемдер 03.07-07.2021 аралығында алынды.  

"Көрсетілген мерзімде Тайынша қаласы мен оған іргелес елді мекендерде аммиак, метилмеркаптан, күкіртті сутек концентрациясынан артық  анықталған жоқ", – дейді қоғам қайраткері Руслан Асаубаев ресми сауалдарға жауаптарды келтіріп. 

Мемлекеттік органдардың ақпараты бойынша зауытта тазарту қондырғылары жұмыс істейді. Бірақ жергілікті тұрғындар бұған үлкен күмәнмен қарайды. 

"BioOperations" ЖШС – бидайды терең өңдеу кешені. Кәсіпорын басшысының айтуынша, мүңкіген иіс бұрынғы "Биохим" компаниясының қазандықтарына төгілген органикалық суспензиялардан шығады. Олардың бірін тазарту басталды", – деп жазылған СҚО Экология департаментінің берген ресми жауабында.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу