BioОperations зауыты биыл 4 мың тонна крахмал өндірмек

1521

Сондай-ақ 1,2 мың тонна глютен өндіруді жоспарлап отыр.

BioОperations зауыты биыл 4 мың тонна крахмал өндірмек

Бұрынғы  "Биохим" қазіргі BioОperations зауыты биыл 1,2 мың тонна глютен және 4 мың тонна крахмал өндіруге ниеттеніп отыр. Бұл туралы ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Өткен жылы Солтүстік Қазақстан облысында 55 мың тонна крахмал, 5 мың тонна глютен өндіру үшін тәулігіне 250 тонна қуаттылықпен BioОperations ЖШС бидайын терең өңдейтін инновациялық зауыт іске қосылды. Осы жылы 1,2 мың тонна глютен және 4 мың тонна крахмал өндіру жоспарлануда", – деді министр үкімет отырысында.

Бұған дейін "KazFoodProducts" ЖШС бас директоры Әлихан Талғатбек хабарлағандай, зауытта биоэтанол өндіру 2019 жылдың екінші жартыжылдығында басталмақ.

Айта кетсек, "Биохим" 2006 жылдың күзінде іске қосылған еді. Алайда қаржылық жағдайларға байланысты тоқтап қалды. 2012 жылы сот компанияны банкрот деп танудан бас тартты. Осылайша, үкімет оған инвестор іздей бастады. Бүгінде компанияның 75 пайызы "ҚазМұнайГаз" АҚ еншісінде болса, 25 пайызы "Bioline KZ" ЖШС-ға тиесілі.

"Биохим" 2018 жылдың шілде айында жұмысын бастады. Зауыт ұзақ уақыт тоқтап қалғандықтан, қалпына келтіру жұмыстары бір жарым жыл бойы жүргізілді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу