Екі жеңіл көліктің соғысуынан бір адам қаза тауып, бес адам ауруханаға жеткізілген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Алдын ала мәлімет бойынша, екі автокөлік бір-біріне қарсы келген.
Қазіргі уақытта оқиғаның нақты себептері анықталып жатыр.
Полиция аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастап, жол апатының барлық мән-жайын анықтауға кірісіп кеткен. Жол апатының фотолары әлеуметтік желілерде кеңінен тарап жатыр.
Құқық қорғау органдары жүргізушілерді жылдамдық режимін сақтап, қарсы қозғалыс жолағына шықпауға және жолда барынша мұқият болуға шақырады.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу