Бір айда 22 адам жол апатынан көз жұмған

789

2019 жылдың қаңтар айында 21 жол-көлік оқиғасы орын алған.

Бір айда 22 адам жол апатынан көз жұмған

 Жыл басталғалы Түркістан облысы мен Шымкент қаласында 22 адам жол-көлік оқиғасынан көз жұмды. Тағы 19-ы түрлі жарақаттан зардап шекті, деп хабарлайды otyrar.kz.

Бұл мәлімет ҚР бас прокуратурасының құқықтық статистика және ақпарат орталығының ақпараттар картасынан алынды. 2019 жылдың қаңтар айында 21 жол-көлік оқиғасы орын алған. Оның 7-еуі Шымкентте.

Ресми ақпараттарға сүйенсек, бір ғана Түлкібас ауданы, Шақпақ баба ауылында көлік жүргізушісі мас күйінде жаяу жүргіншіні қағып өлтірген. Басқа жол-көлік оқиғаларына себепкер көлік жүргізушілер темір тұлпарды сап сау күйінде тізгіндеп апатқа жол берген.

Ал қоғамдық көліктің жаяу жүргіншіні қағып кетуіне байланысты 2 факті тіркелген. Бірінде шымкенттік көше сыпырушы мерт болса, ұқсас жағдай Сарыағаш ауданы, Бесікбөр ауылында орын алған. Адам өлімімен аяқталған барлық апат жылдамдықты арттыру, жол ережелерін сақтамау салдарынан болған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу