"Бір Алла сақтады": Қазақстанға танымал мектеп директоры жол апатына ұшырады

Ол – "Алтын ханым – 2026" байқауының жеңімпазы атанған Ақмоншақ Нұртаза.  

"Бір Алла сақтады": Қазақстанға танымал мектеп директоры жол апатына ұшырады Фото: Бейнежазбадан

Жайсыз хабар туралы ең бірінші мектеп директоры өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты. 

Кадрлардан оның көзі тұсының қанағанын, көлігінің қатты соғылғанын және жедел жәрдем көлігінде жатқанын байқау қиын емес.  

– Қайта туған күн. Аман болайық, бір Алла сақтады. Маған түкіріп қоясыздар-ау, – деп жазды ол.

Жол апаты туралы естіген әлеуметтік желі қолданушылары директорға тезірек сауығып кетуін тілеп, сансыз пікір қалдырып жатыр. Қазіргі уақытта Ақмоншақ Нұртазаның бұл видеосы 3,2 миллионнан аса қаралым жинаған.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу