"Бір әңгімеден ғана қорқып отырмыз": Айдос Сарым жемқорларды шетелге шығармау туралы айтты

Ол бейресми түрде Конституциялық сот, Жоғарғы сот және сарапшылармен ақылдасатынын жеткізген. 

"Бір әңгімеден ғана қорқып отырмыз": Айдос Сарым жемқорларды шетелге шығармау туралы айтты Фото: primeminister.kz

Мәжіліс депутаты жазасын өтеп шыққан жемқорлардың шетелге шығуына қатысты өз көзқарасын білдірді, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Мәжілістің жалпы отырысынан кейін тілшілер сұрағына жауап берген депутат бір ғана әңгімеден қорқып отырғанын ашық айтты.

– Бұл пікір көптен бері айтылып жүр. Негізі, оны қарауға болады. Бізде Конституциялық сот жұмыс істеп жатыр. Сондықтан бұл норма енгізілсе, "азаматтардың құқығы тапталды" деген әңгімеден ғана қорқып отырмыз. Осыған дейін осы ұсынысты бірнеше рет талқыладық. Менің ойымша, бейресми түрде Конституциялық сот, Жоғарғы сот және сарапшылармен тағы бір ақылдасып көреміз. Осы орайда, заңға қайшы келмеуі мәселесі қаралады, – деді депутат.

Айдос Сарым қазір салық немесе айыппұлды төлемегендердің шетелге шығуына шектеу бар екенін атып өтті.

"Осы норманы да солардың қатарына жатқызса, өтіп кетуі мүмкін" деп сөзін қорытындылады ол.

Бұған дейін депутат Азат Перуашев жемқор шенеуніктердің шетелге шығуына тыйым салуды ұсынған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу