Бір аптаның ішінде алтын бағасы 8,3 долларға төмендеді

1095

Бұған дейін сарапшылар бағалы металл құны жыл соңына дейін қымбаттайтынын айтқан еді. 

Бір аптаның ішінде алтын бағасы 8,3 долларға төмендеді

22 қарашада COMEX биржасындағы сауда нәтижесінде алтынның үштік унциясының құны 1470,5 долларға тұрақтады. Ал 18 қараша сауда 1478,8 доллар көрсеткішімен жабылған болатын. Осылайша бір аптаның ішінде алтын 8,3 долларға немесе 0,5%-ға арзандады. 

EXANTE брокерлік компания сарапшылары бағалы металл құнының төмендеуіне АҚШ пен Қытай арасындағы келіссөздер әсер еткенін айтуда. 

"АҚШ президенті Дональд Трамп Қытаймен келісім шарт жасасатын мүмкіндіктер бар деп мәлімдеді. Соның нәтижесінде алтын бағасы төмендеуде",– деді брокерлік компанияда. 

25 қараша Ұлттық банк сайтында алтынның бір граммының бағасы 18,2 мың теңгені құрады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу