Ауа райының қолайсыздығына байланысты Астанада бір тәулікте 142 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, соның салдарынан үш адам зардап шекті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
Полицейлер жүргізушілерге жүгінді. Олар көлік жүргізу кезінде барынша мұқият болуды, жылдамдықты, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелерін, сондай-ақ жол белгілері талаптарын сақтауды сұрады.
"Жүргізушілер үшін ең қауіпті нәрсе – көліктердің тежеу қашықтығын арттыратын дымқыл асфальт", деді ПД өкілдері.
Полицейлер жаяу жүргіншілерді де сақ болуға шақырды.
"Өз қауіпсіздігіміз үшін көшелерді белгіленген орындардан кесіп өтуге кеңес береміз. Жолды кесіп өту кезінде гаджеттерден үзіліс жасап, құлаққапты шешіп, жақындап келе жатқан көліктің жоқтығына көз жеткізген жөн", деді Астана қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.