Бір түнде Астанада 25 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Қалалық полицейлер жүргізушілерге жолда абай болуды ескертеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Ауа райының қолайсыздығына және жауын-шашынның көп болуына байланысты Астана қаласының полиция департаменті көлік жүргізушілеріне барынша сақ болуға шақырады.
"Жол қозғалысы ережелерін, жылдамдықты шектеуді, қауіпсіз қашықтықты, маневр жасау ережелерін және бүйірлік аралықтарды қатаң сақтаңыз. Ерекше сақтық шараларын жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де сақтауы керек. Жолдан өткен кезде жақындап келе жатқан көліктердің жоқтығына көз жеткізіңіз. гаджеттерден бас тартыңыз.Сақтық шаралары жол-көлік оқиғаларының санын айтарлықтай азайтуға көмектеседі", - деді полиция.
Полицейлер жүргізушілерді абай болуға, көліктерді жол жиегіне қоймауға, қоғамдық көліктердің қозғалысына кедергі жасамауға және қар тазалайтын техникалардың жұмысына кедергі жасамауға шақырады.