Бір мандатты округтер бойынша сайланған депутаттардың тізімі белгілі болды

958

Орталық сайлау комиссиясы бір мандатты округтер бойынша Мәжіліске өткен 29 депутаттың тізімін жариялады. Оның ішінде 22-сі AMANAT партиясынан болса, жетеуі – өзін-өзі ұсынғандар.  

Бір мандатты округтер бойынша сайланған депутаттардың тізімі белгілі болды Фото: Informburo.kz

ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров ұсынған мәліметтерге сәйкес, келесі депутаттар бір мандатты округтер бойынша Мәжіліс депутаты болып сайланды.

  • Астана қаласы №1 сайлау округі – Дәулет Тұрлыханов (71 698 дауыс);
  • Астана қаласы №2 сайлау округі – Дәулет Мұқаев (51 769 дауыс);
  • Алматы қаласы №3 сайлау округі – Ермұрат Бапи (23 690 дауыс);
  • Алматы қаласы №4 сайлау округі – Ерлан Стамбеков (15 930 дауыс);
  • Алматы қаласы №5 сайлау округі – Бақытжан Базарбек (22 685 дауыс);
  • Шымкент қаласы №6 сайлау округі  – Данабек Исабеков (21 098 дауыс);
  • Шымкент қаласы №7 сайлау округі – Болатбек Нәжметдинұлы (19 851 дауыс);
  • Абай облысындағы №8 сайлау округі – Нұртай Сабильянов (131 872 дауыс);
  • Ақмола облысындағы №9 сайлау округі – Айна Мысырәлімова (154 587 дауыс);
  • Ақтөбе облысындағы №10 сайлау округі – Қазыбек Әбішев (238 195 дауыс);
  • Алматы облысындағы №11 сайлау округі – Ардақ Назаров (122 242 дауыс);
  • Алматы облысындағы №12 сайлау округі – Данияр Қасқарауов (153 225 дауыс);
  • Атырау облысындағы №13 сайлау округі – Әділ Жұбанов (107 973 дауыс);
  • Батыс Қазақстан облысындағы №14 сайлау округі – Абзал Құспан (126 784 дауыс);
  • Жамбыл облысындағы №15 сайлау округі – Мұқаш Ескендіров (99 021 дауыс);
  • Жамбыл облысындағы №16 сайлау округі – Гүлдара Нұрымова (190 078 дауыс);
  • Жетісу облысындағы №17 сайлау округі – Руслан Қожасбаев (132 678 дауыс);
  • Қарағанды облысындағы №18 сайлау округі – Құдайберген Бексұлтанов (132 471 дауыс);
  • Қарағанды облысындағы №19 сайлау округі – Арман Қалықов (145 228 дауыс);
  • Қостанай облысындағы №20 сайлау округі – Еркін Әбіл (192 175 дауыс);
  • Қызылорда облысындағы №21 сайлау округі – Мархабат Жайымбетов (148 646 дауыс);
  • Маңғыстау облысындағы №22 сайлау округі – Еділ Жаңбыршын (117 386 дауыс);
  • Павлодар облысындағы №23 сайлау округі – Амантай Жарқынбек (168 625 дауыс);
  • Солтүстік Қазақстан облысындағы №24 сайлау округі – Еркебұлан Мамбеков (153 736 дауыс);
  • Түркістан облысындағы №25 сайлау округі – Қайрат Балабиев (142 595 дауыс);
  • Түркістан облысындағы №26 сайлау округі – Ұласбек Сәдібеков (92 445 дауыс);
  • Түркістан облысындағы №27 сайлау округі – Темір Қырықбаев (117 534 дауыс);
  • Ұлытау облысындағы №28 сайлау округі – Ерболат Сатыбалдин (44 406 дауыс);
  • Шығыс Қазақстан облысындағы №29 сайлау округі – Лұқбек Тұмашинов (165 596 дауыс).

Еске салайық, осыған дейін партиялық тізімдер бойынша "Ақ жол", AMANAT, "Ауыл" партиясы, ЖСДП, Қазақстан халық партиясы, Respublica Мәжіліске өткенін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу