Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

1041

17 сәуірдегі мәлімет бойынша, елімізде 36 757 адам коронавирустан емделіп жатыр. 

Бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан қанша адам қайтыс болды?

Өткен тәулікте 37 адам коронавирус пен пневмониядан қайтыс болды, деп хабарлайды, деп хабарлайды inbusiness.kz порталы Денсаулық сақтау министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.

36 757 науқастың 12 933-і стационарда, 23 824-і амбулаториялық деңгейде емделуде.

"COVID-19 вирусына шалдыққандардың арасында: 641 адамның жағдайы ауыр, 159 пациенттің жағдайы өте ауыр, 107 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған", - деп жазылды хабарламада.

Сонымен қатар 15 сәуірдегі мәлімет бойынша коронавирус белгілері
бар пневмонияның 68 жаңа жағдай тіркелген, 72 адам дертінен жазылған.

"6 адам коронавирус пневмониясынан, 31 адам COVID-19 вирусынан көз жұмды", - деп жазылды хабарламада.

Айта кетейік, 2020 жылдың 1 тамызынан бастап, коронавирус пневмониясын 51 763 адам жұқтырған, 50 550 адам сауығып шықты. 748 адам қайтыс болды.

Еске салайық, елімізде бір тәулікте 2822 адам коронавирус жұқтырған.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу