Бір жыл ішінде қазақстандық гүл өсірушілер 24 миллионға жуық гүл жинады

1526

Бұл 2017 жылға қарағанда 2,2%-ға аз.

Бір жыл ішінде қазақстандық гүл өсірушілер 24 миллионға жуық гүл жинады

2018 жылы қазақстандық гүл өсірушілер гүлді 2017 жылға қарағанда 2,2%-ға аз жинаған. Еліміздің басты гүлзарлары – Павлодар және Ақмола облыстары.

Қазақстанның негізгі "гүл өсіруші" облыстары  – Павлодар (7,6 млн, бір жылда +22,4%), Ақмола (7,1 млн, бір жылда +16%) және Алматы (4 млн, бір жылда -31%). Павлодар облысында Green House KZ жылыжай кешені, Ақмолада – "Құнарлы" жылыжай кешені, ал Алматы облысында Ecoculture ЖШС жұмыс істейді.

2017 жылы елімізде гүл өсіру 14,4% - ға, ақшалай 6,6 млрд теңгеге дейін қысқарды. Жалпы, гүл нарығына тұрақтылық тән емес. Мәселен, 2016 жылы 7,1%-ға, ал 2015 жылы 5,8%-ға қысқару байқалған.

Жыл сайын көктемде гүл өсіру өзекті тақырыпқа айналады. Мәселен, Алматыда гүлзарлар алаңы 66 мыңнан 100 мың шаршы метрге дейін артады. Түрлі-түсті гүлдер мегаполистің барлық аудандарында пайда болады. Өткен жылы қалада гүлдердің 15 түрі болса, биыл 33-ке артпақ. Топырақ дайындау жұмыстары наурызда басталады. Қала көркін қызғалдақтар да аша түспек: күзде отырғызылған 20 мың пиязшық сәуір айында гүлдейді деп жоспарлануда.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу