Бір жылда 600-ге жуық медицина қызметкері жауапқа тартылады

708

Ақ халаттылардың жұмысына көңілі толмай шағымданатындар қатары бір жылда 10 мыңнан асып кетеді екен. 

Бір жылда 600-ге жуық медицина қызметкері жауапқа тартылады

Жылына 600-ге жуық медицина саласының маманы жауапқа тартылады. Олардың ішінде сотталып, немесе лицензиясынан айырылғандар, сондай-ақ қатаң сөгіс алғандары да бар. Мұндай деректі Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының мамандары хабарлады.

Ал, ақ халаттылардың жұмысына көңілі толмай шағымданатындар қатары бір жылда 10 мыңнан асып кетеді екен. Шағымданушылардың басым бөлігі дәрігерлердің өз жұмысына салғырт қарайтынына наразы.

Десе де, медицина мамандары мұндай жағдай дамыған мемлекеттерде де кездесетінін айтады. Ақпарат заманында кез-келген науқас министрге хат жаза алатынын ескерсек, дәрігерлер кәсіби біліктілігін арттыруға бар күшін салатыны анық.

 "Дүние жүзінде  бүкіл медиицналық қателіктерді алсақ, ең жиі болатын қателіктер дәрі-дәрмекке байланысты. Одан кейін анестезиялық, хирургиялық емнің қателіктері, немесе науқастың аты жөнінен шатасып басқа бір органына операция жасайды",– дейді Республикалық денсаулық сақтауды дамыту орталығының директоры Айнұр Айыпханова.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу