27 шілдеде Нұр-Сұлтанда #Birge #TazaQazaqstan қалалық экологиялық акциясы өтеді. Акция аясында әуежайдан Қарағанды тасжолына дейінгі айналма жол бойындағы Есіл және Қарасу өзендерінің жағалауы тазаланады, деп хабарлайды әкімдіктің баспасөз қызметі.
Осыған орай, қала әкімдігі елорда тұрғындарын, еріктілерді, қоғам қайраткерлерін, экологиялық белсенділерді және барлық мүдделі адамдарды экологиялық акцияға қатысуға шақырады. Қатысушыларды жинау және автобустарға отырғызу 9.00-де, Б.Момышұлы даңғылы 1, "Astana Music Hall" мейрамханасының тұрағында өтеді. Акцияның басталуы 10.00-де.
Естеріңізге сала кетейік, 20 шілде күні ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің қолдауымен Нұр-Сұлтан қаласында қоқыс жинауға арналған экологиялық акция өтті.