Бірінші орынбасары сотталған әкім неге отставкаға кетпеді?

274

Батыс Қазақстан облысының әкімі бірінші орынбасары болған Ержан Балтаев сотталғаннан кейін отставкаға өтініш бермеген.

Бірінші орынбасары сотталған әкім неге отставкаға кетпеді? Фото: proforientator.ru

Нариман Төреғалиев орынбасарының қызметтік өкілетін асыра пайдаланғанын сотқа дейін анықтап, жұмыстан босатқанмын деп отыр. Тіпті ол үшін арнайы комиссия құрып, тексеріс жүргізген, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Сонымен қатар, алдағы уақытта осындай жайттарды болдырмас үшін біз Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментімен бірге жол картасын жасадық дейді. Оның негізінде сыбайлас жемқорлыққа жақын, қаражат көп жүретін басқармаларына ішкі аудит жүргізген.

"Менің қарамағымдағы орынбасарым сол қылмыс жасаған мерзімі үш айдан асып кеткен жағдайда мен отставкаға 10 күн ішінде беремін. Заңға сәйкес. Сіз айтқан 10 күн ішінде. Бірақ ол қылмыс жасалған кезде менің келгеніме үш ай асқан жоқ. Мен 2022 жылдың 2 желтоқсанында тағайындалдым. Яғни ақпан айында менің келгеніме тек 2 ай болған. Ал қылмыс жасалған мерзім үш айдан асып кетсе, сәуір немесе маусымда болған жағдайда мен отставкаға берер едім. Сондықтан мен заңға сәйкес, отставкаға берген жоқпын", - дейді Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу