Бірқатар ауылда дәріхана пункттері жоқ – Ажар Ғиният

610

Қазақстанның 200-ден астам елді мекенінде медициналық объектілер жоқ. 

Бірқатар ауылда дәріхана пункттері жоқ – Ажар Ғиният

Осыған дейін келесі жылдан бастап "Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту" жобасы жүзеге асырылатынын жазған болатынбыз.

Қазақстанның 200-ден астам елді мекенінде медициналық объектілер жоқ. 400-ге жуық ауылда медициналық объект жалға алынған. Бұдан бөлек кейбір ауылдық жерлерде дәріхана пункттері жоқ. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният Мәжілістегі Үкімет сағатында хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

"Динамикалық бақылау сапасының төмендігі, консультациялық-диагностикалық қызметтердің жеткіліксіз қолжетімділігі байқалады. Сонымен қатар, созылмалы аурулары бар пациенттерді қымбат дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету ауыл тұрғындары арасында қала тұрғындарымен салыстырғанда 2 есе аз", - деді министр.

Министрдің айтуынша, жалпы ауылдық жерлерде 1700-ден астам медициналық кадрлардың тапшылығы мәселесі туындап отыр. Соның ішінде 1 мыңнан астам дәрігер жетіспейді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу