Облыс әкімдерінің орынбасарлары жауапқа тартылуы мүмкін

1346

Бұл Түркістан, Жамбыл, Ақтөбе,  Солтүстік Қазақстан облыстары  мен Шымкент қаласы әкімдерінің орынбасарларына қатысты айтылған болатын.  

Облыс әкімдерінің орынбасарлары жауапқа тартылуы мүмкін

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов баға қымбатшылығына жол берген облыс әкімдерінің орынбасарларын жауапқа тарту туралы бастамасына қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Atameken Business.

Бүгін "Нұр Отан" партиясында қоғамдық қабылдау өткізген ол мұндай жазаның әділетті болатындығын айтады. Оның сөзінше азық-түлік бағасына жауапты әкім орынбасарлары өздерінің тікелей міндеттерін орындамаған. Естеріңізге сала кетейік, күні кеше азық-түлік бағасының қымбттауына қатысты Президенттің сынынан кейін сауда және интеграция министі жергілікті шенеуніктерді жауапқа тарту туралы бастама көтерген. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу