Сонымен қатар Ақмола облысы Целиноград ауданындағы 0-11 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылды, деп жазады inbusiness.kz Қазақпаратқа сілтеме жасап.
Бұдан басқа Абай облысында да 6 желтоқсан күні ауа райының қолайсыздығына байланысты кейбір аудандарда сабақ онлайн форматта өтеді.
Семей қаласында 1 ауысымда оқитын 1- 9 сынып оқушылары үшін сабақ қашықтық форматқа ауыстырылады. Аягөз, Жарма, Бородулиха аудандарында 1 ауысымда 1-4 сыныптарда сабақ қашықтан оқытылады. Бесқарағай ауданында барлық мектептер қашықтық форматқа ауыстырылды. Қалған аудандарда сабақ штаттық режимде өтеді.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу