Бірыңғай уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 160 млн теңге кетеді

625

Ұлттық ғылыми кеңес зерттеудің нақты құнын анықтайтын болады. 

Бірыңғай уақыт белдеуінің әсерін зерттеуге 160 млн теңге кетеді Фото: gov.kz

Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Мәжіліс кулуарында айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Үшжылдық бюджетке арналған 160 млн теңге бойынша өтінім келіп түсті. Шындығында, бұл (сома) одан әлдеқайда аз болуы мүмкін. Меніңше, шамамен 90-100 млн теңгедей. Өйткені біз конкурс жариялаймыз, ал ұлттық ғылыми кеңес зерттеудің нақты құнын анықтайтын болады", – деді министр тілшілердің сауалына берген жауабында.

Саясат Нұрбек зерттеу қалай жүргізілетінін айтты.

"Оның алгоритмі бар. Алайда мен оны нақты білмеймін, себебі өтінім әлі өңделмеді. Конкурс өткен жағдайда онымен танысатын боламыз. Оған бірнеше институт қатысатын болады. Оның ішінде физиология, география институттары бар. Ол сауалнама түрінде емес, нақты зерттеу түрінде жүргізілуі мүмкін",  деді Ғылым және жоғары білім министрі.

Журналистер ақша далаға кетпей ме деп нақтылады.

Министр қоғамның тарапынан сұрау түскеннен кейін ведомство оған жауап қайтаруға тиісті екенін айтты.

"Денсаулық сақтау министрлігі тиісті бастамамен шықты. Біз ғылыми гранттарға грант беретін ұйым ретінде оны қолдадық",  деді Саясат Нұрбек.

Айта кету керек, осыған дейін бірыңғай уақыт белдеуінің адамдарға әсері қайта зерттелетінін жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу