Биржа арқылы тауар жеткізу партиясы 10 есе азайтылады

745

600 тоннаның орнына 60 тонна.

Биржа арқылы тауар жеткізу партиясы 10 есе азайтылады

Сауда және интеграция министрлігі биржа арқылы сатылатын тауарлардың тізімін кеңейтпекші. Оған қатысушы компаниялардың санын көбейту үшін талапты біршама жеңілдетуді де жоспарлап отыр. Бұл туралы министр Бақыт Сұлтанов айтты. 

"Біз биржалық тауарлар тізімін кеңейтудің жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар биржаға қатысушылардың санын ұлғайту үшін жеткізу партиясы 600-ден 60 тоннаға дейін төмендетіледі. Яғни шағын және орта өндірушілерге биржа арқылы өз өнімдерін сатуға мүмкіндік беріледі. Тауар биржалары бойынша жүргізіліп жатқан жұмыс сауда-саттыққа жергілікті және шетелдік қатысушыларды барынша тартуға бағытталатын болады. Бұл көлеңкелі  экономиканың деңгейін төмендетуге мүмкіндік береді және биржалық тауарларға нарықтық баға белгілеуді қамтамасыз етеді", – деді Бақыт Сұлтанов.

 Есжан Ботақара
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу