Ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха Мәжіліс кулуарында осы жайтқа қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Қазір бұл дерек бойынша Қылмыстық-атқару жүйесi комитетiнің қауіпсіздік департаменті тексеру жүргізіп жатыр. Оның қорытындысын хабарлайтын боламыз", - деді ІІМ өкілі.
Игорь Лепеха бұл факт аясында бейнекамералар қаралатынын жеткізді.
Айта кету керек, 2018 жылы Дін істері комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Бауыржан Мусин пара алды деп айыпталып, 7 жылға сотталған болатын.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу