Бүгін Астанадағы қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотта Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала сот отырысы басталды, ол өзінің азаматтық әйелі Салтанат Нүкенованы өлтірді деп айыпталуда, деп жазады inbusiness.kz cайты.
Бишімбаев пен оның туысы Бақытжан Байжановтың қылмыстық ісі 26 ақпанда сотқа келіп түсті.
Күдіктіге Қылмыстық істің "Қинау" және "асқан қатыгездікпен кісі өлтіру" баптары бойынша іс қозғалған.
Тағы бір күдікті, бұрынғы министрдің туысы, "Гастроорталық" директорының үстінен "қылмысты жасыру" және "қылмыс туралы хабарламау" баптары бойынша тергеу аяқталған.
Бұрынғы министр Қуандық Бишімбаев әйелін ұрып өлтірді деген күдікке ілініп, 9 қараша күні ұсталғанын еске саламыз. Қайғылы оқиға Bau мейрамханасында болды. 8 қаңтар күні Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты тергеу жұмыстары аяқталғаны хабарланды. 11 қаңтарда елордалық сотта оның қамауға алынуы 9 наурызға дейін ұзартылғаны туралы хабарланды.