Бишімбаевтың сотында прокурорлардың дегені болды

384

Прокурорлар Бишімбаевты 24 жылға соттауды сұраған.

Бишімбаевтың сотында прокурорлардың дегені болды Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Бүгін сот үкімі шыққанан кейін Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған сот өкілдері прокурардың Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа сұратқан жаза мерзімін хабарлады, деп жазады Inbusiness.kz сайтының тілшісі.

Қылмыстық іс бойынша үкім шығару барысында экс-министрге қатысты барлық жағдайлар: кәмелет жасқа толмаған балаларының болуы, бұған дейін сотталғаны елеп-ескерілген, Б.Байжановтың бұрын-соңды сотталмағаны да оның 4 жылға сотталуына әсер еткен.

Сот өкілдерінің айтуынша, сот үкімі нәтижесі толықтай прокурорлардың сұрауына сай шығарылған, өйткені айыпталушы жақ екі бап бойынша Қ.Бишімбаевқа максималды 24 жыл, ал Б.Байжановқа 4 жыл сұратқан.

"Прокурорлардың жаза мерзіміне қатысты сұрауы онлайн көрсетілген жоқ. Мемлекеттік айыптаушылар екі бап бойынша ортақ жаза ретінде 24 жылға соттауды, ал Байжановқа 4 жыл беруді сұраған", — деді Есімова Алма БАҚ өкілдерімен байланыс жасаушы судья.

Азаматтық некедегі әйелі Салтанат Нүкенованы аяусыз ұрып өлтірді деп айыпталған экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша сот үкімі шыққанын еске саламыз.

Бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев 24 жылға сотталды. Ол жазасын қауіпсіздігі жоғары мекемеде өтейді. Ал аса ауыр қылмысты жасырды деп айыпталған Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу