Бішкек пен Душанбе ортақ мәмілеге келді

1290

Қырғызстан мен Тәжікстан қарулы қақтығыс болған жерден әскери бөлімшелерін кері қайтаруға келісті. 

Бішкек пен Душанбе ортақ мәмілеге келді

Естеріңізге сала кетейік, Қырғызстанның Бәткен облысындағы қырғыз-тәжік шекарасында жерде атыс болып, салдарынан Қырғызстанның мемлекеттік шекара қызметі арнайы жасағының қызметкері мен Тәжікстанның 3 шекарашысы қаза тапқан болатын.

Мемлекеттік шекара қызметінің дерегі бойынша, шиеленістің басталуына тәжікстандықтардың қос ел арасындағы даулы жерде құрылыс жүргізуі себеп болған. Бұған жауап ретінде Қырғызстан азаматтары да сол аймақта құрылыс жүргізе бастаған. 
Тәжікстанның шекара қызметінің айтуынша, олар қырғызстандықтардан нысандарды салуды тоқтатуды сұраған. Қырғыз тарапы осы жерге әскерилерін шоғырландырды, кейін олар бейбіт тұрғындарға оқ жаудыра бастады, деп хабарлады Тәжікстанның шекара қызметі. 

Ал қырғыз шекарашылары болса, атысты бірінші болып тәжік әскерилері бастады деп отыр. 
Осы оқиғадан кейін Бәткен облысына Қырғызстанның премьер-министрі Мұхамедқалый Әбілғазиев сапармен келген. ҚР президенті Сооронбай Жээнбеков жиын барысында жағдайдың ушығып кетуін болдырмай, жергілікті тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізуді тапсырды. 

Табиғат Нұрболат
 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу