Бішкекте кеңейтілген құрамда ТМД СІМ басшылары кеңесінің отырысы басталды

431

Кеңейтілген құрамда отырыс басталғанға дейін министрлер шағын құрамда кездесті. 

Бішкекте кеңейтілген құрамда ТМД СІМ басшылары кеңесінің отырысы басталды Фото: barakelde.org

Қырғызстан астанасында кеңейтілген құрамда ТМД СІМ басшылары кеңесінің отырысы басталды. Бұл туралы "Кабар" агенттігі хабарлады, деп жазады inbusiness.kz.

Отырыс барысында кең ауқымды мәселелер талқыланады, оның ішінде 2024 жылғы сәуірде Минскіде ТМД СІМ басшыларының кезекті отырысын өткізу қарастырылады.

13 қазанда Бішкекте Қырғызстан президенті Садыр Жапаровтың төрағалығымен Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттер басшылары кеңесінің отырысы өтеді.

ҚР Президенті Әкімшілігінің Сыртқы саясат бөлімінің меңгерушісі Мұратбек Әзімбақиевтің ақпараты бойынша, алдағы іс-шара барысында Достастыққа қатысушы мемлекеттердің сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастығын кеңейтуге және нығайтуға бағытталған маңызды шешімдер қабылданатын болады.

Бұған дейін хабарланғандай, Ресей президенті Владимир Путин Қырғыз астанасына келген болатын және екі ел басшылары 3,5 млрд долларға 20-дан астам келісімге қол қойды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу