Бішкектегі ереуіл кезінде бір адам қаза тапты

2167

590 адам жарақат алды. 

Бішкектегі ереуіл кезінде бір адам қаза тапты

Қырғызстанда ереуілден кейінгі қақтығыс кезінде жарақат алғандардың саны 590-ға жетті. Бір адам ажал құшты. Бұл туралы Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігі хабарлады. 

Ведомство өкілінің айтуынша, алғашқы медициналық жәрдем көмегі көрсетілгеннен кейін, 439 тұрғын амбулаторлық емдеуге жіберілген. 150 адам ауруханаға жатқызылды. Зардап шеккен 13-і қазір жансақтау бөлімінде. 

Еске сала кетсек, 5 қазанда Бішкектің Ала-Тоо деп аталатын орталығында парламентке өтпей қалған партиялардың 2 мыңға жуық жақтасы бас көтерген еді.

Олар парламенттік сайлаудың қорытындысын мойындамай, қайтадан өткізуді талап етті. Кешке қарай құқық қорғаушылар оларды таратпақшы болған еді, бірақ оның арты қақтығысқа ұласып кетті. Содан кейін, яғни түнде ереуілшілер парламент пен Қырғызстан президентінің әкімшілігі орналасқан Ақ үйге баса-көктеп кіріп, артынан Ұлттық қауіпсіздіктің Мемлекеттік комитеті ғимаратына да барып, бұрынғы президент Алмазбек Атамбаевты тергеу изоляторынан босатты.

Еске сала кетсек, Қырғызстандағы парламенттік сайлау 4 қазанда өткізілген еді. Тіркелген 3,5 миллион дауыс берушінің 56,5%-ы сайлауға қатысты. Парламенттің жаңа құрамындағы 120 орынға 16 партия таласты. Алдын ала дерек бойынша, парламент құрамына "Бірімдік", "Мекенім Қырғызстан", "Қырғызстан", "Бүтін Қырғызстан" партиялары кірді. 

 

Табиғат Нұрболат 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу