Bitcoin $ 29,000-ға жетті

577

Бүгін Bitcoin бағасы 2023 жылдың жаңа шыңына жетті. 

Bitcoin $ 29,000-ға жетті Фото: РБК Pro

Америка Құрама Штаттарында жалғасып жатқан криптовалютаға қарсы соғысқа қарамастан биткоин мен крипто нарығының динамикасы өсуде, деп хабарлайды Inbusiness.kz.

АҚШ президенті Джо Байден елдегі кибершабуылдарға байланысты 2015 жылдың 1 сәуірінде жарияланған Ұлттық төтенше жағдайды бір жылға ұзартқанын еске саламыз.

Американдық банктер бірінен соң бірі дағдарыстан жабылып жатқанда қаржылық реттеушілер мәселенің шешімін табуға тырысып бағуда. Ал олардың стратегиясының бір бөлігі – криптовалютаға шабуыл жасау.

Әсіресе биылғы жылы осы саланың ең ірі ойыншыларына қатысты бірнеше маңызды мәжбүрлеу шаралары қабылданған кезде олардың стратегиясы айқын байқалды. Дегенмен, биткоин мен криптовалюта нарықтары 2023 жылы да өз тұрақтылығын сақтап келеді.

Сарапшылардың бірі биткоин бағасы ешқашан бұрынғы минимум шеңберіне оралмайды деп санайды. Соңғы рет құлдырау қараша айының соңында FTX құлағаннан кейін 16000 доллар көрсеткішпен тіркелген еді. Содан бері актив бүгінгі күнге дейін шамамен 80%-ға өсті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу