Бітімгершілік қызметтегі қазақстандықтар қандай қызмет атқаратын болады?

563

Бұдан басқа әскери қызметшілерге қандай тыйым бар екенін туралы да айтылды.

Бітімгершілік қызметтегі қазақстандықтар қандай қызмет атқаратын болады? Фото: inbusiness.kz

ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов бітімгершілік қызметтегі қазақстандықтар немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Тілшілер министрден "Қорғаныс нүктелеріндегі бітімгерлердің алдына қандай мақсаттар қойылады?" деп сұрады.

"Заңға сәйкес олардың ең басты міндеті – қарама-қарсы тараптарды ажырату, патрульдеу, блок-бекеттердегі қызмет, минасыздандыру. Сондай-ақ олар гуманитарлық қызметті және т.б. да атқарады. Ол бойынша үлкен тізім бар", - деді ол Мәжіліс кулуарында.

Ведомство басшысы қазіргі негізгі міндет Голан биіктеріндегі миссия екенін атап өтті.

"Бітімгерлер заңды бұзбауы қажет. Халықаралық құқыққа сәйкес, әскери қызметшілердің некомбатанттарға қару қолдануына тыйым салынады", - деп түсіндірді Жақсылықов.

Айта кету керек, осыған дейін БҰҰ бітімгершілік миссиясына қатысатын әр сарбазға ай сайын қанша жалақы төленетінін жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу