Биыл 31,3 млн тонна мұнай өндірілді

660

Шикізатты қайта өңдеу көлемі азайған. 

Биыл 31,3 млн тонна мұнай өндірілді

2020 жылдың алғашқы төрт айында мұнай және конденсат өндірісінің көлемі 31,3 млн тонна болды. Бұл туралы ҚР Энергетика вице-министрі Әсет Мағауов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында жариялады.

"Теңіздегі өндіріс көлемі - 10,2 млн тонна, Қашаған кен орнында 5,8 млн тонна, Қарашығанақта 4,2 млн тонна. Шикізатты қайта өңдеу көлемі қаңтар мен сәуір айлары аралығында 5,2 млн тоннаға дейін азайды. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен төмен. Бұған Павлодардағы мұнай өңдеуші зауыттағы жөндеу жұмыстарының ерте басталуы түрткі", — деді вице-министрі. 

Оның сөзінше, Павлодардағы зауыттағы "қара алтынды" қайта өңдеу көлемі 1,6 млн тонна болды.Биыл Шымкенттегі зауыт 1,5 млн тонна мұнай өңдеген. Атыраудағы зауыттағы өңдеу көлемі 1,7 млн тоннаға дейін өскен. 

Табиғат Нұрболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу