Биыл 400 мыңнан астам шетелдік еліміздің ЖСН-ін алған

156

Олардың дені Ресей азаматтары. 

Биыл 400 мыңнан астам шетелдік еліміздің ЖСН-ін алған Фото: inbusiness.kz

2024 жылы 435 мың шетелдік азамат Қазақстанның жеке сәйкестендіру нөмірін рәсімдеді. Бұл туралы ІІМ Көші-қон қызметінің депутаттық сауалға берген жауабынан белгілі болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Комитеттің мәліметінше, осы жылы ЖСН-ді 435 408 шетелдік алған. Олардың ішінде басым бөлігін Ресей азаматтары рәсімдеген (233 013 адам). Бұдан бөлек  121 719 адам – Өзбекстан, 25 654 адам – Қытай, 13 846 адам – Тәжікстан, 9308 адам – Қырғызстан.

Былтыр 376 966 шетелдік ЖСН алды.

Айта кету керек, осыған дейін Қазақстанның Ресей мен Беларусьтегі елшілігі шетелдіктерге ЖСН беруді тоқтатқанын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу