Биыл Алакөлге ұшақ ұшпайды

1083

Аудандағы әуежайдың құрылысын ШҚО әкімі бақылайды, ал туристер үшін қосымша теміржол және автобус рейстері ұйымдастырылады. 

Биыл Алакөлге ұшақ ұшпайды

Биыл жазғы маусымда Шығыс Қазақстан облысы Үржар ауданындағы Алакөл көліне ұшақ ұшпайды, деп хабарлайды inbusiness.kz.

19 сәуірден бастап аудандағы әуежай қайта жөндеуге жабылады. Оның құрылысына Азаматтық авиация комитетінің мамандары да ат салысады.

ШҚО әкімдігінің мәліметінше, ондағы ұшу-қону жолағын тәжірибесі бар компания жаңғыртып жатыр. Алдыңғы мердігер келісімшарттағы міндеттерді орындамапты. Салдарынан нысан уақытында тапсырылмаған.

"Осы жолы құрылыс жұмыстары үш ауысымда, бір уақытта терминалда, басқа ғимараттарда және ұшу-қону жолағында жүргізіледі. Нысан менің жеке бақылауымда болады. Екі аптадан соң келіп, құрылыстың қалай жүріп жатқанын көремін", деді облыс әкімі Даниал Ахметов.

Осыған дейін Үржар ауданында уақытша ұшу-қону жолағын салу жоспарланған еді. Алайда оның құны 5,6 млрд теңге болған. Бұл қолданыстағы жолақты жөндеуге жұмсалып отырған қаражаттан миллиард теңгеге қымбат. Сондықтан облыс әкімдігі бюджет қаражатын үнемдеуге шешім қабылдаған.

Ал биыл Алакөлге барғысы келетін туристер үшін қосымша теміржол және автобус рейстері ұйымдастырылады.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу