Биыл Алматыда жол апатынан 83 адам мерт болды

849

Полицейлердің хабарлауынша, жол-көлік оқиғасының жиі орын алуына жарықтандырудың нашарлығы, бағдаршамдардың, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтардың, жылдамдық бәсеңдеткіштердің жеткіліксіздігі, бейнекамералардың жоқтығы себеп.

Биыл Алматыда жол апатынан 83 адам мерт болды

Алматы әкімдігі мен полицейлер Шығыс айналма жолы мен Әл-Фараби даңғылында жылдамдықты шектеу шарасы айтарлықтай нәтиже бермегенін жеткізді. Сол себепті "80" деген белгілер қайта қойылды.

Айта кетейік, жылдамдықты төмендету мегаполисте жағдайды жақсартпады. Соған қарамастан, Сайын көшесінде рұқсат етілген максималды жылдамдық "60" болып қалады. Полиция департаментінің мамандары соңғы жеті айда жол апатынан қаза тапқандардың саны 83 адамды құрағанын және бұл өткен жылмен салыстырғанда 13,7 %-ға көп екенін айтты. Апат көп болатын көшелер: Саин (4 адам мерт болды), Момышұлы (5 адам), Солтүстік айналма жолы (3 адам) және Жанқожа батыр (2 адам).

Полицейлердің хабарлауынша, Алматы жолдарында жол-көлік оқиғасының жиі орын алуына жарықтандырудың нашарлығы, бағдаршамдардың, жаяу жүргіншілерге арналған жолақтардың, жылдамдық бәсеңдеткіштердің жеткіліксіздігі һәм тәртіпті қадағалайтын бейнекамералардың жоқтығы себеп.

Осы олқылықты жою үшін Алматы әкімдігі полиция департаментімен бірге келесі шараларды қолға алмақ:

–   жыл соңғына дейін жарықтандырылмаған 208 көшеге шамдар орнатылады. Жаяу жүргіншілерге арналған 70 жол мен апат көп болатын жол бөліктері жарықтандырылады;

–  қосымша 77 "Сергек" кешені орнатылады;

– жол апаты жиі болатын 72 жол бөлігі қайта жасалады. Бұрылу радиусы азайтылып, тротуарлар мен пандустар салынады;

– қыркүйекте 50 қауіпсіздік аралы салынады, статистика бойынша, олар ЖКО-ның санын 46%-ға азайтады екен;

– реттелмейтін жол қиылыстарына қосымша жеті бағдаршам орнатылады;

– көлік құралдарының жылдамдығын мәжбүрлі түрде бәсеңдететін жасанды кедергілер көбейтіледі.

– адам көп жиналатын орындар маңайында реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелері салынады.

Олжас Оқас

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу