Баланы 1-сыныпқа беру үшін қандай құжат тапсыру керек?

1625

Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова биыл 1-сыныпқа қабылдау электронды форматта жүргізілетінін айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Баланы 1-сыныпқа беру үшін қандай құжат тапсыру керек?

Оның айтуынша, құжаттарды қабылдау 1 сәуірден 1 тамызға дейін жүргізіледі. 

"Осы уақытта балаларын бірінші сыныпқа бергісі келетін ата-аналар құжаттарын тапсыра алады. Бірінші сыныпқа толық 6 жасқа толған балалар қабылданады. Құжаттарды қабылдау электронды үкімет порталы арқылы жүргізіледі", - деді Шолпан Каринова орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Ол мектепке қабылдау барысында білім беру ұйымдарына оқуға қабылдау қағидаттарына сәйкес емес құжаттарды талап етуге болмайтынын жеткізді.

"Мұнда тек 4 құжатты қабылдау қарастырылған: әр ата-анананың жеке өтініші, оқушының жеке басының куәлігі, медициналық паспорты, фото (3х4 көлеміндегі 2 фото). Ата-аналар тек осы құжаттарды порталға тапсыруы керек", - деді министрдің орынбасары.

Айта кетейік, осыған дейін Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова IV тоқсанда қазақстандық оқушылар қалай оқитынын айтқан еді.

Дәурен Ерболат

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу