Биыл бөлшек сауда көлемі 7,7% өсті

309

Азық-түлік тауарлары – 32,4%.

Биыл бөлшек сауда көлемі 7,7% өсті Фото: Inbusiness.kz

2023 жылғы қаңтар-қарашада бөлшек сауда көлемі 16 793,1 млрд теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 7,7% артты, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, саудамен айналысатын кәсіпорындардың тауарларды бөлшек саудада өткізу көлемі 11 436,9 млрд теңгені құрады немесе 2022 жылғы тиісті кезеңге қарағанда 11,7% жоғары болды.

Бөлшек сауданың жалпы көлеміндегі үлес:

Азық-түлік тауарлары – 32,4%,

Азық-түлікке жатпайтын тауарлар – 67,6%.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу