"Биыл да бұрқасындар көп болады"

778

Юрий Ильин қысқы ауа райына болжам жасады.

"Биыл да бұрқасындар көп болады"

Төтенше жағдайлар министрі Юрий Илиьн өрттен зардап шегушілердің көбейгеніне алаңдаулы. Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте министр жер үйлерде қауіпсіздік сақталмайтынын айтты.

"Қолымыздағы "Қазгидрометтің" ақпараты бойынша, биылғы қыс маусымы былтырғы қыспен шамалас болады. Яғни, жауын-шашын көп, ауа температурасы айтарлықтай жылы болуы, қаңтар-ақпан айларында ауа райын күрделендіруі мүмкін. Жаяу бұрқасындар көбейіп, салдарынан жолдарда кептелістер қалыптасуы ықтимал. Қазірдің өзінде ірі төтенше жайттар орын алып жатыр. Тіркелген төтенше оқиғалардың көбін өрт құрап отыр. Өкінішке қарай, топпен зардап шегушілер, қайтыс болу оқиғалары бар. Өрттен зардап шеккендер мен қайтыс болғандардың көрсеткіші бойынша былтырғы кезеңмен салыстырғанда  сәл өсім бар", - деді ол.

Есжан Ботақара

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу