Биыл егіннің бітік шығуына не әсер етті?

203

26 млн тоннадан астам астық жиналды.

Биыл егіннің бітік шығуына не әсер етті? Фото: pics.krup

Үкімет басшысы Олжас Бектенов мемлекеттік қолдаудың тиімділігі арқасында агроөнеркәсіп кешені саласында елеулі өсім болғанын атап өтті, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

Премьер-министр бұл туралы елордадағы "Адал азамат. Адал еңбек. Адал бизнес" форумында айтты.

Биыл көктемде егін егу мен күзгі егін орағы науқанына жеңілдетілген несие беру 2,5 есеге артып, 580 млрд теңгені құрады. Осының арқасында тыңайтқыштар көлемі артып, тұқым сапасы жақсарып, техника паркі жаңартылып, зиянкестермен күрес жұмыстары күшейтілді.

"Мұның нәтижесінде Қазақстан 26 млн тоннадан астам астық жинады. Бұл өз кезегінде кейінгі 10 жылдағы үздік нәтиже. Орта есеппен гектарынан шамамен 16 центнерден өнім алынды. Кейбір алқаптардан диқандар 40-50 центнерден өнім жинады. Осындай жұмыстарды шағын және орта бизнес саласында да жүргізу қажет. Мемлекеттік қолдау бизнестің де тиісті міндеттерді орындауын талап етеді. Осы орайда ішкі нарықты сапалы әрі қымбат емес өніммен қамтамасыз ету міндеті бар. Сондай-ақ өңдеу деңгейін арттыру, тұрақты жұмыс орындарын құру және экспорт бағытында бизнесті кезең-кезеңімен ірілендіру жұмыстарына назар аударуы керек",  – деді Премьер-Министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу