Биыл егіс алқабының көлемі 22,7 млн гектарға жеткізіледі

800

Ауыл шаруашылығы министрлігі көктемгі егіс науқанына дайындық жұмыстарын бастап кетті. Қандай жұмыстар атқарылатынын министр Сапархан Омаров Үкімет отырысында баяндады.

Биыл егіс алқабының көлемі 22,7 млн гектарға жеткізіледі

Министрдің сөзінше, шаруалар көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін оларға 70 млрд теңге көлемінде жеңілдетілген несие берілмек, деп хабарлайды  inbusiness.kz.

Жоспар бойынша биыл жалпы егіс алқабы қосымша 86,4 мың гектарға ұлғайып, 22,7 млн гектарға дейін жететін болады. Майлы, азықтық, көкөніс-бақша дақылдарының, сондай-ақ қарақұмық пен қант қызылшасы сияқты әлеуметтік дақылдардың алқаптарын ұлғайту жоспарланған. Ал бидай, күріш және мақта сияқты монодақылдар мен ылғалды көп қажет ететін дақылдар егілетін алқаптар қысқартылады.

"Көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы жүргізу үшін фермерлер 70 млрд теңгенің жеңілдетілген несиесімен, сондай-ақ 380 мың тоннаға жуық көлемде 11%-ға арзандатылған жанар-жағар маймен қамтамасыз етіледі. Сонымен қатар, фермерлерге көмек ретінде 350 мың тоннаға жуық ауыл шаруашылық өнімдерін форвардтық сатып алу жоспарлануда. Тұқым шаруашылығын субсидиялауға 11,8 млрд теңге бөлінеді. Бұл сапалы тұқымға қол жеткізу мүмкіндігін арттырады. Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу министрліктің ерекше бақылауында болады", – деді министр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу