Биыл елорадада 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

920

Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді баспана саны 3 есе артқан.

Биыл елорадада 10 мың әлеуметтік пәтер салынады

2021 жылы Нұр-Сұлтанда 10 мың әлеуметтік пәтер салынады. Бұл туралы қала әкімі Алтай Көлгінов айтты, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Оның айтуынша, 2020 жылы елордада 3 миллион шаршы метрден аса тұрғын үй салынған. Олардың 80%-ы – жеке инвестиция.

"Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша қолжетімді баспана санын 3 есе арттырдық. Мысалы, 2018 жылы 1100 әлеуметтік пәтер салынса, 2019 жылы жеңілдікпен берілетін 2900 пәтер, ал 2020 жылы 7 мыңнан аса әлеуметтік пәтер салынды. Биыл жеңілдікпен берілетін пәтер саны 10 мыңға дейін артады", - деді Алтай Көлгінов халыққа есеп беру кездесуінде.

Сонымен қатар, елорда әкімі биыл "Жұмыс істейтін жастарға арналған жалдамалы баспана" бағдарламасы жалғасатынын атап өтті.

"Бағдарлама аясында жыл соңына дейін 1 мыңнан аса жас баспаналы болады", - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін Алтай Көлгінов тұрғын үй сертификатының сомасы 1 миллион теңгеден 1,5 миллион теңгеге дейін өсетінін айтқан еді.

Дәурен Ерболат

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу