Қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл жас инспекторлар жасақтарының қатысуымен жүргізушілерге жаднамалар мен балалардың суреттерін тарату бойынша 65 акция ұйымдастырылған.
"Бұл шараларға қарамастан биыл елордада жол апатынан 30-ға жуық бала зардап шегіп, бір бала көз жұмды", - деп жазылған хабарламада.
Полицейлер жүргізушілерге жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз сақтауды ескертеді.
"Мектептер мен балабақшаларға жақын жерлерде, реттелмейтін жаяу жүргіншілер өткелдерінде, қоғамдық көлік аялдамалары тұсында, әсіресе аулаларда өте мұқият болуды еске саламыз", - деп жазылған хабарламада.