Өткен оқу жылымен салыстырғанда бес мың балаға артып отыр. Бұл туралы Қызылорда облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Бердаулетов хабарлады, деп жазады inbusiness.kz ӨКҚ сілтеме жасап.
– Арал және Жаңақорған аудандарындағы екі апатты мектептің құрылысы толық аяқталып, жаңа оқу жылына беріледі. Сондай-ақ қалалық және ауылдық мектептердегі сынып оқушыларын екі топқа бөліп оқыту қарастырылады, – дейді Бағдат Бердаулетов.
Республикалық "Мектепке жол" акциясы аясында міндетті оқу қоры есебінен көмекке мұқтаж отбасы ретінде 31 322 бала есепке алынған. Осыған сәйкес, тиісті санаттан шыққан отбасы балаларына – 37 389 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілмек.
– Былтырғы жылмен салыстырғанда көмек көрсетілетін бала саны – 1451-ге көбейді. Міндетті оқу қорынан қаржы алмайтын балаларға демеушілер есебінен көмек беру ұйымдастырылуда. Бүгінде қала және аудан бойынша екі мыңға жуық балаға бюджеттен тыс қаржының есебінен 18 млн 653 мың теңге көлемінде материалдық көмек көрсетілді. Сонымен қатар жеке кәсіпкерлер есебінен де аталған санаттағы балаларға тегін мектеп формасы берілуде, – деді Б.Қамбозұлы.
Жиында сондай-ақ биылғы оқу жылындағы өзгерістер туралы айтылды.
Айталық, бірінші сыныпта оқу жылының ұзақтығы 35 апта болып белгіленсе, 2-11 сыныптарда 36 аптаға дейін ұзартылды. Осыған байланысты биылдан бастап жаңа оқу жылы 31 мамырға дейін жалғаспақ. 1-сыныптың оқу бағдарламасында "Шетел тілі" мен "Орыс тілі" пәндері оқытылмайды.
Бұл ретте меншік және оқыту түріне қарамастан, үлгілік оқу жоспарын таңдауға академиялық еркіндік беріледі.