Жыл басынан Парламент қарауына түскен заңдардың ішінде үшеуі таза қазақ тілінде әзірленген, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"Бұл заңның бірнеше ерекшелігі бар. Былтыр әріптесіміз Үнзила Шапаққызы Үкіметке үлкен депутаттық сауал жолдады. Сонда қазақ тілінде заң қабылдау қажеттігі, қолданыстағы заңдардың қазақ тіліндегі нұсқасын қайтадан ревизия жасау туралы мәселе көтерген. Сол сауалға Үкімет басшысының орынбасары 2024 жылы қазақ тілінде заң дайындауды бастайтындарын айтып, жауап қатқан", – деді ол Мәжілістің жалпы отырысында.
Халық қалаулысының айтуынша, Үкімет ол уәдесін ішінара орындаған.
"Бұл Түркістан қаласының ерекше статусы туралы биыл Мәжіліске таза қазақ тілінде әзірленіп түскен үш заң бар: біреуі – норма шығармашылық туралы заң, екіншісі – архив ісі туралы заң болатын. Енді үшіншісі – бүгін қарастырып отырған Түркістан қаласының ерекше статусы туралы заң", – деді Абзал Құспан.