Биыл рекордтық көлемде баспана пайдалануға беріледі

254

Осы жылы рекордтық көлемдегі 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі.  

Биыл рекордтық көлемде баспана пайдалануға беріледі Фото: baq.kz

Бұл туралы Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин мәлімдеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.

"Биыл рекордтық көлемдегі кемінде 19 млн шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріледі. Бұл нәтижелерге жаңа инфрақұрылымды салудан және ипотекалық кредит көлемін ұлғайтудан бастап жалға берілетін тұрғын үймен қамтамасыз етуге дейінгі барлық аспектілерді қамтитын бастамалар арқылы қол жеткізіледі. Нақты секторды қаржыландыруды ұлғайтуға бағытталған бастамалар жалпы ішкі өнімнің өсуіне кемінде 2 пайыздық тармақ қосып, биылғы жылы оның айтарлықтай өсуіне әкеледі", - деді Ұлттық экономика министрі.

Серік Жұманғарин аталған шаралардың уақтылы орындалуын бақылау үшін Экономикалық өсу жөніндегі жедел штаб құрылғанын атап өтті.

"Барлық туындайтын мәселелер жедел және дереу шешілетін болады", - деді Ұлттық экономика министрі.

Айта кету керек, осыған дейін Үкімет "Бәйтеректің" капиталын 1 трлн теңгеге ұлғайтатынын жазғанбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу