Биыл Рожковское кен орнынан 13 млн текше метр газ өндірілуі мүмкін

359

Негізі кен орнының жылдық әлеуеті 1 млрд текше метрге дейін жетеді деген болжам бар. 

Биыл Рожковское кен орнынан 13 млн текше метр газ өндірілуі мүмкін Фото: Inbusiness.kz

Қазақстан билігі бұл көрсеткішке біртіндеп қол жеткізуге ниетті. Бұл туралы Мағзұм Мырзағалиев "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Ақорда кулуарында айтты, деп жазады inbusiness.kz.

Оның сөзінше, 2023 жылы аталмыш кен орнынан үлкен көлем өндіріледі деген жоспар жоқ.

"Венгрияның MOL ұлттық компаниясымен (ред. – Мажарстандағы ірі мұнай-газ компаниясы) бірге көп жылдан бері табысты жұмыс істеп келеді. Атап айтқанда, компаниямен бірлесіп БҚО-да орналасқан Рожковское кен орнын игерудеміз. Онда үш серіктес – біз, MOL және қытайлық Sinopec компаниясы бар. Атап өту керек, биыл алғашқы өндіруге қол жеткізуді жоспарлап отырмыз. Яғни осы жылдар ішінде скважинаны бұрғылау, қажетті инфрақұрылымды даярлау бойынша жұмыстар жалғасты. Әзірге аз көлем өндіріледі. Бұл жұмыстарды аяқтауға 2 ай ғана уақыт қалды", - деді Мағзұм Мырзағалиев.

Ұлттық компания басшысының айтуынша, Рожковское кен орны 1 млрд текше метр газ өндіруді жоспарлауға мүмкіндік береді. 

"Бұл деңгейге скважиналарды эксплуатацияға біртіндеп шығару арқылы кезең-кезеңмен шығатын боламыз. Биылға үлкен көлем жоспарланып отырған жоқ. Алайда 13 млн текше метр болады деген жоспар бар", - деп нақтылады ол.

Еске салайық, Мажарстан Премьер-Министрі Виктор Орбанның Қазақстанға ресми сапары басталды. Қазақстан басшылығымен келіссөз барысында екі ел арасындағы сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты одан әрі тереңдету мәселелері талқыланады деп жоспарланып отыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу