Биыл соңғы қоңырау шарасы 3-4 маусым күндері өтеді

1249

Оқушылар оқу жылының соңына дейін қашықтықтан білім алады

Биыл соңғы қоңырау шарасы 3-4 маусым күндері өтеді

3-4 маусым күндері Қазақстан мектептерінде соңғы қоңырау шарасы өтеді. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрінің бірінші орынбасары Ералы Тоғжанов онлайн брифингте мәлімдеді. 

"Мектептерде аттестат табыстау мен соңғы қоңырау шарасы 3-4 маусым күндері ашық аспан астында өтеді. Онда адам саны шектеліп, санитарлық нормалар қатаң сақталуы тиіс", – деді ол Үкімет үйінде өткен онлайн брифингте.

Ералы Тоғжанов айтуынша, елдегі 3,3 млн оқушы мен 1 млн-нан астам студент коронавирус пандемиясына байланысты оқу жылының соңына дейін қашықтан білім алады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу